«Біз қайта жобалауға қарсымыз». Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы 107/1 мекен жайының тұғындары осындай өтінішпен арнамызға телефон шалды. Осы көп пәтерлі үйдің бірінші қабатынан дүкен ашқан кәсіпкер тұрғындардың келісімінсіз қайта жобалау жұмыстарын жүргізген. Дәлірек айтқанда дүкенге екінші есік орнатқан. Кәсіпкердің бұл ісіне үй тұрғындары мүлдем қарсы болып шықты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо