РФ қалыптасқан жағдайға байланысты шекара асып,  ел аумағына  енген көршілес ел азаматтары  өңір  тұрғындарының қалыпты тұрмыс-тірлігіне теріс әсер етпеуі  тиіс. Бүгінгі күннің  басты  мәселесі - осы. Бұл үшін тиісті органдардың үйлесімді іс -қимылы  аса маңызды. Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында  облыста қоғамдық-саяси  тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған  жұмыстар туралы жергілікті атқарушы және құзырлы органдар өкілдері  баяндады.  Баспасөз мәслихатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов  Ақжайық жұртшылығына еш алаңдауға негіз жоқ, өңірде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп мәлімдеді. 26 қыркүйекке дейін БҚО-да 1201 шетелдік жеке сәйкестендіру нөмірін алған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо