Ресей Федерациясында жартылай мобилизация жарияланған соң, шетел  асып жатқан жандардың қарасы қалың. Басым көпшілігі әскерге жарамды ер-азаматтар. Олар әуе, пойыз немесе көлікпен тіпті, жаяулап шекара бекеттерінен бері өтіп жатыр. Көрші елмен шекара бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Ресей азаматтары 8-10 сағат күтіп, өз елінің шекара тексерісінен зорға  өткендерін айтады. Ал кейбірі жарты тәулік бойы өз кезегін күткен.  Оралда жалдамалы пәтерлердің бағасы күрт қымбаттады. Сайттардағы баға күн сайын құбылып тұр.
 #qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо