Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында әйелдер фестивалі өтті. Жиын «Әйелдің қоғамдағы рөлі» тақырыбына арналды. Дәстүрлі түрде өткізілетін фестивальге ауданға қарасты барлық ауылдық округте жұмыс жасайтын әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты. Жиынның ұйымдастырушылары биыл ауыл-аймақты дамытуға арналған креативті идеяларды анықтауды көздейді. Үздік жобалар облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асатын «Халықтық бюджет» бағдарламасына қатысуға жолдама алады. Бес үздік креативті идея фестиваль қатысушыларының көңілінен шықты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо