Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтауды талап етті. Себебі су – тіршілік көзі.  Казталов ауданының 25 ауылына таза ауыз су өткізіліп, халықтың 85 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Биыл  «Нұрлы жер»  және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында Талдықұдық және Қоныс ауылдарына ауыз су тартылып, халық игілігіне берілді. 
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо